ӘУЕЗДІ ӘСЕМ ӘН – КӨҢІЛ АЖАРЫ

1  656 көрілім

Мәдениет үйінде «Елім менің» атты қалаарлық патриоттық әндер байқауы өтті. «Білім бөлімі» мен «Тұран қырандары» қоғамдық ұйымы бірлесе қолға алған шарада 17 оқушы бақ сынады.

Отан, Туған жер, Тәуелсіздік тақырыптары арқау болған сайысқа түркістандық желтоқсаншылар, ата-аналар мен ұстаздар қауымы қатысты. Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің жиырма сегіз жылдығына орай ұйымдастырылған әуезді ән шашудың мақсаты – өскелең буынның бойында Отансүйгіштік қасиетті арттыру.


Байқаудың жалпы ережесі екі кезеңде өтті. Бірінші іріктеу кезеңіне 31 мектептің оқушылары қатысып, 17 қатысушы екінші кезеңге жолдама алған. Ән додасында жүлделі орын иеленгендерге алғас хат пен арнайы марапаттар табысталып, облыстық іс-шараларға жолдама алды.


Әділқазылар алқасының шешіммен бас жүлдеге М.Әбенова мектебінің оқушысы Мейрамбек Салқынбек лайықты деп танылса, бірінші орынға Иззатуллаев метебінің оқушысы Гүлнара Шерметова ие болды. Ал, екінші орынға Н.Төрекұлов атындағы №8 жалпы орта мектебінің оқушысы Әділет Смаил мен №31 мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Алтынай Камал қол жеткізді. Үшінші орынды Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектебінен Шұғыла Төлтай, №21 жалпы орта мектебінен Зейнеп Олжабек, С.Рахимов мектебінен Елнұр Мубараковтар өзара бөлісті.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы