«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» мемлекеттік қызметшінің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрысын реттейді. Мемлекеттік қызметші өзінің біліктілігі мен білімінің арқасында елге қызмет етумен қатар, белгіленген әдептілік нормаларын сақтай отырып, тек қызмет барысында ғана емес, барша азаматқа үлгі болуы арқылы мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға үлес қосуы керек.
Аталған заң аясында мемлекеттік қызметшілер жұмыс барысында адал, әділ, қарапайым болуға, моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, қабылдайтын шешімдерінің заңдылығын қамтамасыз етуге, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға, мінез-құлқымен қоғамдық сынға себепкер болмауға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға жеке мәселелерінде қызметін пайдаланбауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға міндеттелсе, жұмыстан тыс уақытта масаң күйде болмауға, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тыйым салынған.
Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің жалпы міндеті. Қолайлы жұмыс атмосферасы мемлекеттік қызметшіге өз әлеуетін ашуға, өз көзқарасын ашық жеткізуге, білімімен бөлісуге және жалпы міндеттерді орындауда ұжымды жұмылдыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Біз мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын насихаттау мақсатында әртүрлі іс-шаралар мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын (мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, қызметтік әдебінің стандарттары) ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға және т. б. бағытталған жұмыстар жасаймыз. Мемлекеттік қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлінеді: кездесулер, семинарлар, әңгімелер ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдауды, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға тиісті.
Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексінің талаптарын сақтау басты міндет болып табылады.
А.Б.Бекмуратов,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.