Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2024-2028 жылдарға арналған сумен жабдықтау қызметіне Бәйдібек ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Бәйдібек су» МКК-ның тарифі мен тарифтік сметасын бекітті.
Субъектінің тарифтері төмендегідей болып қабылданды:
2024 жыл – 170,48 теңге/м3;
2025 жыл – 180,29 теңге/м3;
2026 жыл – 189,80 теңге/м3;
2027 жыл – 199,27 теңге/м3;
2028 жыл – 209,71 теңге/м3.
Сонымен қатар, 2024-2028 жылдарға арналған тарифтерде тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау қорытындысы бойынша белгіленген негізсіз алынған табыс сомасы 6,05 млн.теңге мөлшерінде ескерілді (ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесін ескере отырып – 16,5%).
Субъектінің аталған тарифтері 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.