Түркістан облысының Төлеби ауданында сумен жабдықтау тарифі төмендетілді

501 көрілім

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «С.А.-Маркетинг» ЖШС-ның 2022 жылғы Төлеби ауданын сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтік сметаның орындалуы бойынша есебіне талдау жүргізді.

Талдау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған кіріс сомасы 103 727 теңгені құрады.

Осыған байланысты, Департаменттің 2023 жылғы 8 қарашадағы №90-НҚ бұйрығымен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіле отырып, «С.А.-Маркетинг» ЖШС-ның қызметтеріне уақытша өтемдік тариф 1 м3 үшін 51,88 теңге (ҚҚС қоспағанда) бекітілді, онда бекітілген тарифтен (51,90 теңге/м3, ҚҚС қоспағанда) 1 м3 үшін төмендеу 1%-ды құрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы