Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2024-2028 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне Түркістан қаласы әкімдігінің «инфрақұрылым және коммуникация бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Түркістан-Су» МКК-ның тарифі мен тарифтік сметасын бекітті.
Субъектінің сумен жабдықтау қызметі бойынша тарифтері төмендегідей болып қабылданды:
2024 жыл – 71,18 теңге/м3;
2025 жыл – 69,81 теңге/м3;
2026 жыл – 71,91 теңге/м3;
2027 жыл – 66,97 теңге/м3;
2028 жыл – 65,39 теңге/м3.
Сонымен қатар, 2024-2028 жылдарға арналған тарифтерде тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау қорытындысы бойынша белгіленген негізсіз алынған табыс сомасы 39,13 млн.теңге мөлшерінде ескерілді (ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесін ескере отырып – 16,5%).
Субъектінің су бұру қызметі бойынша тарифтері төмендегідей болып қабылданды:
2024 жыл – 134,98 теңге/м3;
2025 жыл – 135,78 теңге/м3;
2026 жыл – 134,44 теңге/м3;
2027 жыл – 133,17 теңге/м3;
2028 жыл – 135,35 теңге/м3.
Сонымен қатар, 2024-2028 жылдарға арналған тарифтерде тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау қорытындысы бойынша белгіленген негізсіз алынған табыс сомасы 16,34 млн.теңге мөлшерінде ескерілді (ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесін ескере отырып – 16,5%).
Субъектінің аталған тарифтері 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
