Rixos Grand Ballroom залында «Шахмат керуені» республикалық жобасының гранд-финалы өтіп жатыр. Екі ай бұрын сапарға шыққан автокеруен осы кезге дейін 14 мың шақырым жол жүріп, 18 аймақта жартылай финал ұйымдастырды. 20 қалада өткен блиц-турнирде іріктеліп шыққан ЭЛО рейтингі 2000-ға дейінгі 60 әуесқой шахматшы бүгінгі додада бақ сынап отыр.
Финалдың ашылуында сөз сөйлеген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға сәттілік тілеп, өзінің ыстық ықыласын білдірді.
Әлемде шахмат – ақыл-ойды дамытатын спорт түрі болып саналады. Ежелден жеткен аңыздарға сүйенсек, шахматты алғаш болып біздің заманымызға дейінгі мың жыл бұрын үндістандық математик ойлап тапқан деседі. Шахмат сөзінің мағынасы патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. «Шахмат керуені» Қазақстанның әр өңірін аралап шығып, түркі әлемінің астанасына табан тіреді. Осы жобаның арқасында шахматқа деген қоғамның сұранысы артты. Біздің өңірімізде де зияткерлер ойынына үлкен назар аударылып келеді. Қазір облысымызда 3 мыңнан астам бала шахматпен айналысса, осы саланы дамытуға тағы 54 штат бөлінді», – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Сонымен қатар, облыстық спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев бұл жобаның мәні өте жоғары екенін айтып, сайыскерлерге жеңіс тіледі.
Қыркүйектің 10-ы күні Астанадан шыққан автокеруен сахна мен арнайы «шахмат» киіз үйі бар жүк көлігімен бірге 14 мың шақырымнан аса жол жүрді. Чемпионат барысында жалпы 1800 партия ойналып, 400 шахматшы 60 күн бойы финалист атану үшін өзара бақ сынасты. Жоба аясында әр облыста федерацияның филиалдары ашылып, жаңа төрағалар тағайындалды.
«Шахмат керуені» – үлкен армандар орындалатын мекен. Мұнда жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайы мен тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір талантты адам өз отандастарының ортасында чемпион бола алады. Соңғы бірнеше айдың ішінде біз бұл жобаның кезекті турнирлерден әлдеқайда маңызды екенін түсіндік. Соның арқасында ел интеллектуалдарын бір арнаға тоғыстыра алдық, – деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.
Жалпы жүлде қоры 16 миллион теңгені құрайтын ауқымды жобаның өтуіне Freedom Broker компаниясы бас демеушілік жасап отыр.
Қазір 60 финалист 11 турдан тұратын блиц-турнирге қатысып жатыр. Жеңімпаздар есімдері 19.00-де белгілі болады. Гранд-финал үздіктеріне арналған сыйақы:
І орын үшін – 5 млн теңге; ІV орын – 500 мың теңге;
ІІ орын үшін – 2,5 млн теңге; V орын – 300 мың теңге;
ІІІ орын үшін – 1 млн теңге. VІ орын – 150 мың теңге.
Сондай-ақ, әйелдер арасында үздік нәтиже көрсеткен қатысушы, 12, 14, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен ардагер ойыншыларға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табыс етіледі. «Ең әсерлі білім – сені жеңе алатын бәсекелеспен шахмат ойнау» деп америкалық публицист Ричард Бах айтпақшы, адамның бәсекеге қабілеттілік қасиетінің дамуына шахматтың пайдасы көп. Тіпті, әлемдегі ел басқарған айтулы саясаткерлер шахмат ойнап, табысқа жете білген. Бұл аңыз шындыққа жанасады. Тақтасы 64 шаршыдан тұратын шахматтың бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка пішініне қарап-ақ пайымдауға болады. Өйткені, үндістандықтар пілді ертеден асырап, пайдаланып келеді.
Бүкіл әлемді жаулап алған шахмат ойыны о баста соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын үйрету құралы болған. Мәселен, Парсыны жаулап алуы ислам әлемінің осы ойынды жетік меңгергендігінен деп топшылайды тарихшылар. Алайда, Арабтар аталмыш ойынды «шатрандж» деп атаған. Бірақ, исламда тақтай бетіндегі таста адам мен жан-жануарлар мүсінінің салынуына тыйым салынған. Діни қақтығысқа жол бермеу үшін сәулетшілер шахмат пішіндерін белгісіз бейнелермен алмастырды. Ислам дінін қабылдаған біздің еліміз 1969 жылғы қазақ жазуының соңғы орыстандыру емле реформасына дейін қазақ тілінде дәстүрлі «шатыраш» атауымен белгілі болды. 1851 жылы Лондонда шахматтан тұңғыш рет халықаралық турнир өткізілді. Онда Андерсен деген шахматшының айы оңынан туып, бірінші және екінші жарыста жеңімпаз атанды. 1867 жылы Парижде өткен додада Колиш жеңімпаз атанды. Матчта алға шыққан Стейниц алғашқы әлем чемпионы атанған. Шахматтан ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары дәрежелі атақты иеленді. Шахмат – сезіну, шапшаңдық, шыдамдылық және аналитикалық ойлауға, өзі үшін күресе білуге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына зор ықпал еткен. Адам баласының дүние танымын кеңейтуге, сөздік қорды молайтуға, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндерге көп септігін тигізетіндігі ғылыми түрде дәлелденген. Шахмат тастарын қалыптастырушылардың бірі Цессолес өз заманында: «Шахмат тақтайшасындағы әрбір тастың өмірдегі атқаратын құқығымен қатар, міндеттері бар», – деп бекер айтпаса керек.
Естеріңізге салай кетейік, Шахмат ойыны – бұл ерте заманнан келе жатқан көп ғасырлық тарихы бар интелектуалдық ойын түрі. Қазіргі таңда көпке танымал үстел ойыны түрлерінің бірі саналады. Бұл керемет шахмат ойының – ғылым, спорт, өнер түрлеріне жатқызуға болады. Шахмат ойыны бізді өмірде үлкен мынадай тәрбиелік жолдарға үйретеді: тұлға болуға, логикалық ойлауға, алға қойған мақсатымыздың орындалуына, жасап жатқан ісімізді терең жоспарлауға, сонымен қатар шыдамдылық пен зейін қоюды дамытуға үйретеді. Шахмат ойының ойнау барысында адами тұлғаның көптеген ерекшеліктері ашыла бастайды, сондықтанда бұл саланы педагогика мен психология ғылымының моделін зерттеу барысында да қолданып жатады.
Бұл ойын түрінің әр елде өзінің атаулары бар: Англияда – чесс (chess), Испанияда – ахедрес (el axedres), Германияда – шах (Schach), Францияда – эшек (echecs). Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінен алғанда «шах мат» – патша өлді деген мағына береді.
Шахмат теориясының дамуы
XV-VXI ғасырларда шахмат теорияларының пайда болуымен байланысты, шахмат ережелері қарқынды дами бастады. 1561 жылы Руи Лопес толық шахмат курсы кітабын алғаш болып дүниеге әкелді. Сол уақытта қарастырылған партия этаптары, Міне қазіргі таңда да қолданып жүрген партия этаптары мыналар – дебют, миттельшпиль және эндшпиль.
Сонымен қатар осы Руи Лопес шахматта кейбір материалдарды жегізу арқылы басымдыққа жету жолында дебюттің бір ерекше түрі «гамбит» атауын жазып шыққан. Сонымен қатар шахмат теориясының дамуына үлкен үлес қосқан ойыншы ғалымның бірі Филлидор болатын.
Қазіргі таңда 1966 жылдан бастап, 20 шілде күні жыл сайын Халықаралық Шшахмат күні ретінде тойланады. Бұл мереке 1924 жылы Әлемдік Шахмат Федерациясы шешімімен Париж қаласында бекітілген болатын. Шахмат спортының отаны – Үндістан. Біздің дәуірімізге дейін бір ғасыр бұрын пайда болған. Шахмат жайлы көне аңыз бар. Шахматты ойлап тапқаны үшін брамин (жасаушы) раджыдан, яғни патшадан оны жасап шығарғаны үшін азғантай ғана үстеме сұрайды: шахмат тақтасына неше бидай дәнегі сыйып кететін болса, соншалығын алып тұруы керек. Әрбір торға бір дәнектен орналастырса, ол кейіннен екі есеге көбеюі тиіс. Нәтижесінде патшаға 18446744073709551615 (18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион 73 биллион 709 миллион 551 мың 615) бидай дәнегі қажет болып шығады. Бұл дегеніңіз бүкіл әлем бидай қорын бір ортаға жиыстырып қойсаңыз да, сан көрсеткіші белуардан аспайды.
Шағын ғана шахмат тақтасы ойыншылар үшін көптеген айла-тәсілді орындайтын соғыс алаңы. Ойын кезінде егер шахматшы бірінші болып жүретін болса, онда ол ойынды бастау үшін 20 түрлі тәсілді пайдалана алады, ал қарсыласы жауап қайтару үшін 400 түрлі төтеп беру жолдарын қарастырмақ. Сол себептен шахматшылар әр қадамын байыппен орындайды.
