Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне «Сауран-Су» МКК-ның суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф және тарифтік сметаның бекітуге арналған өтінімі келіп түсті.
Өтінім оңайлатылған тәртіппен ұсынылды, онда субъектінің орташа жобалық тарифі 1 м3 үшін ҚҚС-сыз 115,88 теңгені құрады.
ТМРКД 2023 жылғы 6 қыркүйекте «Сауран-Су» МКК-ның басшысының және тұтынушылардың қатысуымен өткен жария тыңдауда айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, монополист субъектінің өтінімін қарау қорытындысы бойынша, орташа тарифті 1 м3 үшін ҚҚС-сыз 67,18 теңгеге немесе ұсынылған мөлшерден 1 м3 үшін 48,69 (немесе 42,02 %) теңгеге төмендетумен бекіту туралы шешім қабылдады.
Аталған тариф «Сауран-Су» МКК-ның тұтынушылары үшін қолданылады.
Тариф 2023 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.
