Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне «Теміржолсу-Арыс» ЖШС-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне тариф және тарифтік сметаның бекітуге арналған өтінімі келіп түсті.
Өтінім оңайлатылған тәртіппен ұсынылды, онда субъектінің орташа жобалық тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз 26 044,89 теңгені құрады.
ТМРКД 2023 жылғы 21 тамызда «Теміржолсу-Арыс» ЖШС-ның басшысының және тұтынушылардың қатысуымен өткен жария тыңдауда айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, монополист субъектінің өтінімін қарау қорытындысы бойынша, орташа тарифті 1 гкал үшін ҚҚС-сыз 20 528,5 теңгеге немесе ұсынылған мөлшерден 1 гкал үшін 5 516,39 теңгеге төмендетумен бекіту туралы шешім қабылдады.
Бұл ретте, тариф қолданыстағы тарифтен 9,38% – ға 18 767,48 теңгеге (қолданыстағы тарифтен 1 761,02 теңгеге түзетумен) өзгеріспен бекітілді.
Аталған тариф «Теміржолсу-Арыс» серіктестігінің тұтынушылары үшін қолданылады.
Тариф 2023 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.