КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТ

268 көрілім

                    Осы апта Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шығып, бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Осы орайда Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы өкілдері төтенше жағдайда тұрғындар қалай әрекет ету керек екенін айтамыз.

                    Бұған дейін Алматы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков терезеден секірген адамдар қате жібергенін, өрт кезінде ең бастысы – сабыр сақтау екенін мәлімдеген болатын.

                    Өрт шыққан кезде, біріншіден, сабыр сақтау керек. Оның орнына 101-ге, 112-ге хабарласу керек. Мүмкіндігі болса, көршілерге хабарлау қажет. Ал әрі қарай қауіпсіз жерге шығу керек. Адамдар қорыққаннан секірген. Оның орнына құтқарушылар келгенше, есіктерді жауып, түтін кіретін жерлерді дымқыл шүберекпен бітеп, таза ауа кіретін жерде болған дұрыс.

                    Көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққан жағдайда тұрғындар қалай әрекет етуі керек?

                    Өрт сөндіру бөліміне, “101” құтқару қызметіне, “112” телефоны бойынша дереу қоңырау шалыңыз;

                    Дүрбелеңге түспей, сабырлы болыңыз және ұйымшыл әрекет етіңіз, оттың жолын жабу үшін есіктерді мықтап жабыңыз;

                    Егер өрт енді ғана басталса, сумен сөндіріңіз, қалың көрпемен өрттің бетін жабыңыз;

                    Ешқандай жағдайда жанып тұрған электр сымдары мен электр құрылғыларын сумен сөндірмеңіз, бұл өмірге қауіпті;

                    Егер сіз өртті сөндіре алмайтыныңызға көз жеткізсеңіз, бөлмеден шұғыл түрде шығыңыз.

                    Ешқашан түтінді бөлмеде оқшауланған жерлерде (шкафтардың іші, төсектің асты) жасырынбаңыз;

                    Түтін жайлаған бөлмеде қалып қойсаңыз мүмкіндігінше еденге жақындаңыз, түтін аз болады;

                    Бағытты жоғалтып алмау үшін қабырғаларды ұстап шығу есігіне қарай жүріңіз;

                    Ылғал шүберекпен тыныс алу жүйелерін жауып дем алыңыз.

                    Лифттерді пайдаланбаңыз, баспалдақпен төмен түсіңіз.

                    Егер өрт шығу жолын кесіп тастаса, есіктің саңылауларын дымқыл шүберекпен бітеңіз, терезеден көмек сұраңыз.

                    Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай, ал кішкентай жалын үлкен қиындыққа айналуы мүмкін.

        Б. Убайдиллаев,Түркістан қаласы ТЖБ инженері  азаматтық қорғау аға лейтенанты        

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы