- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАУЭРЛИФТИНГШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Талдықорған қаласында жасөспірім және жастар арасында классикалық және экипировқалық пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Еліміз бойынша ең мықты деген спортшылар бас қосқан Ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтқанда , талай әлемдік додаларда өнер көрсетіп жүлдеге ие болып келе жатқан жерлестеріміз 57 келіде жүк көтеруден бағы жанған Алена Гладкова мен 76 келіде топ жарған Барно Джумабаева бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, жарыста жеңісті бағындырғандар қатарында +84 келі салмақта сынға түскен Сарвиноз Насириддинова мен 47 келідегі Камила Ребрик те алтын медал иеленді.
Пауэрлифтингтен өткен Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен жерлестеріміз 76 келі салмақтағы Ирода Абдырова мен 69 келіде бағын сынаған Нигара Абдырова жарады. Бұдан басқа түркістандықтар ішінде 84 келідегі саңлақ спортшы қыз Екатерина Шестакова күміс, Максим Рязанов пен Алексей Гребенников қола жүлдегер атанды. Тамаша өнер көрсеткен Түркістан облысының талантты спортшылары командалық есеп бойынша қыздар (жастар арасында) арасында бас жүлде иеленіп, туған елге олжалы оралды.
ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
Қазақстан спортының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт саласы жыл сайын әлемдік деңгейде көркейіп келеді. Бұл ретте, облыс әкімі Дархан Сатыбалды әрдайым спорт саласына қолдау көрсетіп, өңірімізде халықаралық талаптарға сай бой түзеп келе жатқан спорт нысандарының көптеп салынуларына барлық жағдай жасауда. Заман талабына сай спорт кешендері бар елде жеңімпаз саңлақтар да көптеп шығатыны белгілі. Келер жыл – Париж олимпиадасы жылы. Бұдан өзге биыл күзде Қытайдың Ханчжоу каласында кезекті жазғы Азия ойындары өтеді. Бұл құрлықтық жарыста олимпиаданың лицензиялары сарапқа салынады деп күтілуде. Париж олимпиадасы қарсаңында елімізде түрлі әлемдік талаптарға сай жарыстар ұйымдастырылуда. Түркістан облысында спорты іргелі, көптеген жеңімпаз саңлақтары бар Шардара ауданы бүгінде өңірімізде топ жарып келе жатқаны – спорт сүйер қауымды қуантады .
Биыл облысымыздың құрылғанына – 5 жыл толуына орай, жағажай волейболынан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер мен 2011-2012 жылы туылған ұлдар арасында Түркістан облысы чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Республикамызда көш бастаған өңіріміз қазір түрлі сайыстарды ұйымдастырып келеді. Жас спортшылардың арасында тартысты өткен бұл жарыста болашақтары жарқын 2009-2010 жылы туылған ұлдар арасындағы жағажай волейболынан бас жүлде №2 ОРМБЖСМ-нің командасына бұйырды. Ал, күміс жүлде Жетісай қаласының талантты волейболшылары атанса, қола жүлдегер №2 ОРМБЖСМ командасы атанды.
Сонымен қатар, түрлі әлемдік додаларда талай жанкүйерлерді таң қалдырған жағажай волейболынан өткен облыс чемпионатында 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында чемпионатында алтын алқа Шардара ауданының командасы жеңіп алып, жанкүйерлерін қуантты. Бұдан басқа күміс пен қола жүлдені Түлкібас ауданынан келген жас волейболшылар иеленіп кетті.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ ҚҰРАМАСЫ ҚАЗАҚСТАН КУБОГІН ЖЕҢІП АЛДЫ!
Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында желкенді қайық шеберлерері арасында Қазақстан кубогі сарапқа салынды. Апта бойына созылған дүбірлі додада түркістандық желкеншілер толағай табысқа жетті. Тартысты өткен жарыста жерлестеріміз Қазақстан кубогі мен қоса түрлі номинациялар бойынша 15 медальді қанжығалады.
Біздің шабандоздарымыздың басты бәсекелестері Алматы облысының спортшылары екінші орын алса, үшінші орынға Қарағанды облысының яхташылары жайғасты.
8 – алтын медаль мен Қазақстан кубогіның чемпионы атанған су спорты бойынша Түркістан облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері қатарында мынадай спортшылар бар.
Атап айтқанда: Вакуленко Александр мен Данкова Анастасия 470 яхта сайысында топ жарды. Ал, Жанғазов Тимур, Чуриков Анатолий, Рожанский Богдан, Абдурахман Заңғар, Чехомов Әлішер, Богдаев Артёмдар бар өнерлерін көрсетіп, өңіріміздің мерейін үстем етті. Жарыс қорытындысы бойынша 19-27 қыркүйек аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай) өтетін Жазғы Азия ойындарына «470» яхталар класы бойынша командамыздың көшбасшысы Александр Вакуленко өңіріміздің намысын қорғайтын болды.
Спортшыларымыздың сәтті өнер көрсетуі үшін жаттықтырушылардың да атқаратын үлесі орасан. Осы орайда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкен спорты қауымдастығының бастамасымен Қазақстандық үздік мамандардың бірі, Азия чемпионы, желкенді спорттан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Руслан Жанғазов командамен жұмыс істеуге тартылды. Түркістан облысының жастар құрамасы 20-28 шілде аралығында Қапшағай су қоймасында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындықты бастады.