- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Жуырда Сербияның Белград қаласында Халықаралық ескек есу федерациясының (FISA) конгресі өтті. Оған Қазақстанның ескек есу және желкенді спорт федерациясының өкілдері де арнайы қатысты. Жиында Федерация комитеттерінің басшылары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Қазір бұл Халықаралық ескек есу федерациясына FISA құрамына 159 ұлттық федерация кіреді. Дүниежүзі бойынша ескек есу спортының мамандары басқосуда жағалаудағы ескек есу спортының дамуы жайлы пікір алмасты. Жарыстар теңіз және өзен саласында өтеді және әсерлі де экстремалды болып ұйымдастырылатыны белгілі. Мамандардың айтуынша, жағалау бойымен жарыстың командалардың сайысқа шығулары ауа райының болжанбайтын жағдайында өтеді. Бүгінде құрлық елдері арасында бұл спорт түрлері қарқынды дамып барады.
Конгрессте Францияда өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындары туралы толық ақпарат берілді. Басқосуда екі әлем чемпионатының өтетіні жайлы айтылып, бекітілді. Тізбектей айтар болсақ,18 және 23 жасқа дейін Канаданың Сент-Катаринс қаласында жалауы желбіресе , ал, 2025 жылы ересектер арасында Шанхай чемпионаты Қытайда өтетін болады деп жоспарлануда. Бұдан өзге алқалы жиында Аксель Мюллер FISA Халықаралық ескек есу федерациясының жастар комитетінің төрағасы болып дауыс беру арқылы сайланды.
Айта кетейік, Байдаркада және каноэде есу — есу спортының бір түрі. Ол топсаға бекітілмеген ескек арқылы орындалады. Байдаркада және каноэде есудің жарысу және слалом түрлері бар. Халықаралық каноэ федерациясына (1946 жылы құрылған) 54 ел мүше (1991). Олимпиялық ойындар бағдарламасына 1936 жылдан енгізілген. Дүние жүзі чемпионаты 1938 жылдан өткізіледі. Қазақстанда спорттың бұл түрі алғаш Атырауда ұйымдастырылды (1955). КСРО халықтарының 2-спартакиадасында (1959) З. Светочева 1 кісілік байдарка жарысында чемпион атанды. В. Образцов (Алматы) Еуропа чемпионы (1967, Германия), Б. Оспанов (Алматы) пен С. Бандурин (Теміртау) 2 кісілік каноэмен жарысуда КСРО чемпионы (1982), А. Акунишников (Орал) дүние жүзі чемпионы (1986) атанды. Байдаркада және каноэде есу спорты негізінен Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында дамыған.
2018 жылы Түркістан облысының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының шақыруымен Аксель Мюллер Шымкентке келіп, академиялық ескек есуді дамыту, жарыс ережелерін жетілдіру бойынша оқыту семинарын өткізді. Есу құралдарын дайындау, халықаралық спортшыларды дайындау әдістері жайлы кеңінен айтқан болатын. А.Мюллер сонымен қатар, ұлттық құраманың жетекшісі, Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі Владислав Яковлевтің Азия ойындарына дайындығының соңғы кезеңін басқарды. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының төрағасы Денис Жәрменов конгресске арнайы қатысып, басқосуда келелі тақырыптардың талқыланғаны жайлы айтып өтті. Бүгінде елімізде су спорт түрлерін әлемдік деңгейге сай дамыту үшін бірқатар игілікті істер атқарылуда. Бұл ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркістандық спортшылардың жеңіске жетуі үшін барлық спорт базаларын халықаралық талаптарға сай салынуына ықпал жасап, саңлақтарға әрдайым қолдау көрсетіп келеді