ТҮРКІСТАН: ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ӨРЕНДЕРІ ЕЛДІҢ ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНДІ

257 көрілім

Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Өнер мектебінің» ұйымдастыруымен өнерді жанына серік еткен балалардың қатысуымен «Бақытты балалық шақ» атты өнер фестивалі өтті. Оқушылардың жзғы демалысын тиімді пайдалануды мақсат еткен шарада мектептің 30-дан астам дарынды оқушылары мен ұстаздары өнер көрсетіп, қолдау білдіруге келген ата-аналар мен қонақтарға тамша көңіл күй сыйлады. Фестивальдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген мектеп директоры Тұрар Тлеулиев өнерлі өрендердің ата-аналарына алғысын айтып, балаларға сәттілік тіледі.

«Бала – біздің болашағымыз. Бүлдіршіндерді жқсы қасиеттерге баулып, түрлі үйірмелерге қатысуына ықпал жасау, олардың болашағының жарқын болуына жасаған үлкен қадам. Сондықтан, балалардың біздің мектептен білім алып, бойларындағы энергиясын оң бағытқа жұмсауын жол ашқан ата-аналарға алғысым шексіз»- деді мектеп басшысы.

Өнердің түр-түрі тоғысқан шараға «Жыр терме», «Халық әні», «Домбыра», «Абай жолы» «Сурет», «Ақындық» сыныптарының оқушылары қатысты. Респбуликалық, облыстық деңгейлерде өзгелерден оза шауып жүрген шәкірттер де келушілердің ыстық ықыласына бөленіп, қошеметке ие болды. Балаларды қолдау мақсатында орталықтың ұстаздары да өнер көрсетіп, келгендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Шара соңында ата-аналар мектеп ұжымына алғыстарын айтып, алдағы уақытта да осындай игі іс-шаралардың көптеп болуы керектігін жеткізді.

Досхан ТӨЛЕГЕНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы