Түркiстан қаласы әкiмдiгiнің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-ң «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс

2  751 көрілім

Түркiстан қаласы әкiмдiгiнің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-ң «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бос лауазымына (азаматтық қызметші) орналасуға конкурс жариялайды

Мемлекеттік тіркеу номері: Анықтама (куәлік) №473-1959-ММ 24.05.2022ж., БСН: 030340003743, Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір-Темір көшесі №28, анықтама телефондары: 8-(725-33)-5-79-23.

Түркiстан қаласы әкiмдiгiнің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-ң «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы
(бұдан әрі – басшысы), А-блок бойынша, А1-3 (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 149128 теңгеден 171131 теңгеге дейін.

Басшы өз жұмысында нормативтік құжаттарда, осы лауазымдық нұсқаулықты және ішкі еңбек тәртібі ережелерін басшылыққа алады. Еңбек тәртібін Түркiстан қаласы әкiмдiгiнің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына бағынады.

Лауазымдық міндеттері: Заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің қаржылық – шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдалануын қамтамасыз етеді, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы- экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды. Басқа ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісім-шарттар, операциялар жасайды, бұйрықтарды шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның атынан өкілдік етеді. Қазақстан Республикасындағы «Жастар саясаты туралы» заңының аясында жастар саясатын дамыту саласындағы қызметті жүзеге асырады. Қаладағы барлық жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарымен, қоғамдық жастар ұйымдарымен, олардың мүшелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді. Жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін мәдени, ағарту, интеллектуалдық, спорттық, т.б. әр түрлі іс-шараларды (семинарлар, дөңгелек үстел, конференциялар, тренингтер, т.б.) ұйымдастырады. Мекеменің жұмыс әдісі мен стилін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді. Өз құзыреті шегінде әлеуметтік сауалнама жүргізеді. Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу көріністері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізеді.  Жұмыссыз жастармен жұмыс жүргізеді. Мекеменің қолданыстағы нұсқаулық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мекемеге жүктелеген басқа да жоспар-тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Бiлуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік органдардың кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін, экономиканың және экономиканың тиісті саласының, жалпы Қазақстан Республикасының дамуының басым бағыттарын айқындайтын заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары, стратегиясы, басымдықтары, ұйымның қызметіне қатысы бар басқа да органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары, ұйымның бейіні, ерекшелігі және құрылымының ерекшелігі, ұйымның өндірістік қуаты мен кадр резерві, ұйымның өнім өндіру технологиясы, салық заңнамасы, ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібі, ұйымның шаруашылығын жүргізу және басқарудың заманауи әдістері, стратегиялық жоспарлау, нарық – сыртқы және ішкі (өзінің секторы және онымен өзара байланыс) конъюнктура, бәсекелестер, өнім жеткізушілер мен тұтынушылар, ұйымға өзінің нарықтағы жай-күйін айқындауға және жаңа өткізу нарығына шығу бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік беретін экономикалық индикаторлар жүйесі, практикалық маркетинг, жарнама техникасы, сатуды басқару, өндірістің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді және озық шетелдік және отандық тәжірибе, ұқсас озық ұйымдар қызметінің тәжірибесі, шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі, ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеудің және жасаудың және әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеу тәртібі, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Кадрларды даярлаудың тиiстi бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және ұйым бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, «Іскер әкімшілік ету магистрі» ғылыми дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болғаны мүмкін.

Конкурсқа қатысу үшiн төмендегiдей құжаттар қажет:

1) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi көрсетiлген конкурсқа қатысу туралы өтiнiштi;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

3) кадрларды есепке алу жөнiндегi толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетiлген);

4) лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiн;

5) еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;

6) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 907 бұйрығымен бекітілген (ҚР Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама

7)Нарко-психо диспансерлердің анықтамалары.
8) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлiметтердiң бар не жоқ екендiгi (сотталу) туралы анықтама.

Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады. 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ақпараттар құралдарында, соның ішінде «Түркістан» газетінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күнінің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Анықтама (куәлік) №473-1959-ММ 24.05.2022ж. БСН: 030340003743, Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір-Темір көшесі №28, анықтама телефондары: 8-(725-33)-5-79-23 немесе tur_ovp.kz@mail.ru электрондық поштасына.

Әңгімелесу өтетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір-Темір көшесі №28, Түркiстан қаласы әкiмдiгiнің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

       Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурс өтетін жерге бару-қайту, тұру және өзге де шығындар) азаматтардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы