2023 жылғы қыркүйек айынан бастап қарашаға дейін өңірдің тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы іс-шаралар сериясы ұйымдастырылады. Фестивальдер, марафондар, форумдар мен жәрмеңкелер және тағы да басқа креативті іс-шаралар жоспарлануда.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының үйлестіруімен өтетін күзгі маусымдық іс-шаралар легін ұсынамыз.
• 7-8 қыркүйек – «Түркістан – Түркі әлемнің туристік астанасы» форумы
• 15 қыркүйек – Түркістан облысы бойынша автобустық тур
• 23 қыркүйек – «The Spirit of Turkistan» концерті
• 23-24 қыркүйек – Туристік пойыз аясында танымдық тур
• 2-6 қазан Түркістан облысындағы блог тур
• 4-8 қазан – Түркістан облысында агротуризмді насихаттауға арналған ақпараттық тур
• 9-13 қазан – Түркістанда тақырыпты муралдың ашылуы
• 10-12 қазан – Түркістан облысы бойынша экологиялық автотур
• 13 қазан – Креативті туризм форумы
• 14 қазан – Түркістан облысында plogging (қоқыс жинаумен жүгіру)
• 14 қазан – Көркем фото фестивалі
• 14 қазан – International Dance Fest би фестивалі
• 14 қазан – Red-Hot-Blues Caravan экспедициясы аясындағы концерті
• 14-28 қазан – Түркістан қаласындағы лазерлік шоуы
• 15 қазан – Street Performers Fest
• 15 қазан – Отандық өндірушілер фестивалі
• 20-22 қазан – Түркістан қаласында киберспорт бойынша Чемпионат
• 29 қазан – «Turkistan Marathon 2023» жүгіру марафоны
• 13-17 қараша – Түркістан облысында өнеркәсіптік туры
• 13-19 қараша Түркістан облысындағы WFTGA әдістемесі бойынша гидтерге арналған тренинг
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобалар Түркістан облысындағы туристік маусымды қараша айының соңына дейін ұзартуға бағытталып, демалу және саяхаттау мәдениетінің белсенді дамуына мүмкіндік береді.