ТІЛ ҒҰМЫРЫ-ҰЛТ ҒҰМЫРЫ!

431 көрілім

Түлкібас аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

2017 жылы Үкімет қаулысымен 5 қыркүйек күні болып бекітілген бұл мереке «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» – деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.

Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов пен аудандық этномәдени орталықтарының төрағалары мен төрайымдары жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, тілдерді дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар жерлестерімізді аудан әкімінің және мәслихаттың алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, этно мәдени орталықтарының өкілдері тарапынан түрлі тілде әндер шырқалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы