Бүгін 21.08.2023 жылы Жусансай ауылдық клубында Ордабасы аудандық мәдениет үйі өнерпаздары Ауданның құрметті азаматы, ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері, ақын сазгер Құрманәлі Жылқыбай Тастанбекұлының шығармашылығына арналған “Қазақстан мәңгілік елім менің” шығармашылық ән кеші ұйымдастырылып аталып өтілді.

Концерттік бағдарламаға ауыл округ әкімі Мурат Елшибеков арнайы қатысып, арнайы құттықтау марапаттау алғыс хаты мен қазақтың ұлттық киімі шапан жауып құттықтауын жеткізді. Іс шарада “Ордабасы” фольклорлық халық ансамблінің сүйемелденуімен “Анашым”,” Қалқатай қайдасың” әндері орындалса, эстрадалық жанрда Мухан Байбосынов ағамызбен бірлесе жазылған “Ордабасы”, ” Түркістан”, “Ақ гүлім” және т.б әндері орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.