Ордабасы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының Қазақ вальсінің королі Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған “Арыс жағасында” ән кеші Бөржар Ауылдық Мәдениет Үйінде кең көлемде аталып өтті.

Шәмші ағамыздың әндерінің өміршеңдігі, ұрпақтан ұрпаққа таралып жандануы, тыңдарман жүрегінен орын алуы сол кеште залда отырған әр бір көрерменнің әншімен қосыла шырқаған әнінен сезілді.

Халқы барда Шәмшінің аты ешқашан да ұмытылмас деген жақсы тілекпен кеш те қорытыланды.
