АУДАНДА ФУТБОЛДАН ЖАСТАР КУБОГЫ ӨТТІ

153 көрілім

Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде аудан жастары арасында спорттың үлкен футбол түрінен «Заман дос» жастар кубогы өтті.

Аталмыш доп додасына аудан жастарынан құралған 14 команда қатысып, өз ара сынға түсті.

Сайыста аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Отаров сөз алып, сайыстың мақсатына тоқталып:

– Жастардың арасында бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, аудан көлемінде футбол ойынын дамыту, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту болса қылмыстың, нашақорлықтың алдын алуда осы сайыстың орны ерекше және бұл сайыстар аудан деңгейінде өз жалғасын табады, -деді.

Екі күнге созылған сайыстың нәтижесінде:

І орынды «Қапланбек Сіргелі» командасы иеленсе;

ІІ орынға «Дербісек» командасы лайықты болды;

ІІІ орынды Жарты төбе ауылдық округі қанжығысына байлады.

Сайыс қорытындысымен жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы