- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін аудан аумағындағы Тегісшіл ауылдық округінде шағын спорт алаңшасының құрылысы басталды.
Спорт алаңшаларды салудағы басты мақсат-ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануына және спортпен айналысуына жағдай жасау. Айта кетсек, аталған шағын спорт алаңшасының құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Спортты дамытудың негізінде сау әрі саналы ұрпақ, мықты жастар қалыптасады. Спортпен айналысатын, оны өмірлік ұстанымына, дәстүрінің ажырамас бөлігіне айналдырған жастардың әрдайым дені сау, санасы сергек, құлшынысы биік болады.