АУДАНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

7  557 көрілім

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округі, Дихан баба елді мекенінде орналасқан мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Айта кетсек, нысанның ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталып, қазіргі таңда ауа желдеткіштері мен газға қосу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Содан соң, аудан басшысы Қабланбек ауылдық округі, Қанағат елді мекеніне арнайы барып, 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхана құрылысымен танысты.

– Біздің мақсатымыз – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына жағдай жасау. Осындай ауылды жердегі мәдениет нысандарында түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, олардың сапалы әрі тұрақты жұмыс істегені маңызды, – деді аудан басшысы.

Мәдениет үйі мен кітапхана нысанының құрылысы үшін бюджеттен қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан нысанның қазаншұңқырын қазу жұмыстары жүргізілуде.Аудан басшысы Арман Абдуллаев бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, мердігер мекеме өкілі мен тиісті бөлім басшысына әр екі апта сайын өзі келіп құрылыс сапасын бақылап отыратынын жеткізді. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, мерзімінде пайдалануға берілу керектігін тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы