ТӨЛЕБИ: СПОРТ КЕШЕНІ МЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

204 көрілім

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев жұманың жұмыс күнін бірнеше құрылыс объектілерін аралаудан бастады. Аудан басшысы ең алдымен Көксәйек ауылдық округіндегі спорт кешенінің құрылысымен танысып, мердігер мекеме басшысымен кездесіп, атқарылған жұмыстарға көңіл бөлді. Ауданның таулы аумағына барар жол торабында орналасқан, халық саны жөнінен үшінші орында тұрған Көксәйек ауылдық округі тұрғындары спорт кешенінің қажеттігі жөнінде бірнеше рет мәселе көтерген болатын. Округ халқының өтінішін ескерген аудан әкімі Төлеген Тұртайұлының бастамасымен республикалық бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, биылғы жылы спорттық кешен құрылысы басталды.

Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы іс-сапарын Момынай ауылдық округіндегі Мәдениет үйінің құрылысын танысумен жалғастырды. Аудан басшысы құрылыс объектісінде мердігер мекеме өкілдерімен, жұмысшылармен сөйлесіп, олардың хал-жағдайын сұрап, сапасына көңіл бөліп, жұмысты көрсетілген мерзімге дейін аяқтауды тапсырды.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, бірқатар ескертулер айтты. Екі құрылыс объектілерін ауласын абаттындыруға да айрықша назар аударуды тапсырды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы