АУДАН АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ЖАС СПОРТШЫЛАР

479 көрілім

Бүгінде мемлекетіміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі – саналы һәм білімді ұрпақ қалыптастыру. Осы орайда, ұлттық спортымыздың алар орны ерекше. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын асқақтатын маңызды сала. Спортты дамыту, жас ұрпақты спортқа баулу – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта ауданымыздың спорт саласы жылдан жылға дамып, жаңа жетістіктермен толығып, жастардың спортқа деген қызығушылығы артуда.

Оған дәлел, ағымдағы жылы тамыз айының 1-5 күндері аралығында Қостанай қаласында аударыспақ спорт түрінен 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында Түркістан облысының құрама сапында қатысқан Сарыағаштық палуандарамыз жетістікпен оралғаны.

Айта кетсек, Тұрдықұлов Сүлеймен Рахымжанұлы 2006 жылғы 59 кг салмақ дәрежісінде және Таскет Ибрагим Құралбекұлы 2006 жылғы 65кг салмақ дәрежесінде алтын жүлдегерлері аударыспақтан 1-орын иегерлері, жаттықтырушысы Тұрдықұлов Рахымжан Таскетович. Ал, Ақбай Жанболат көкпардан 1-орын иегері.

Сондай-ақ, Таскет Сүндет Ақжолұлы 2006 жылғы 77кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегері аударыспақтан 3-орын, жаттықтырушысы Тұрдықұлов Рахымжан Таскетович.

Сонымен қатар, Ергеш Ердаулет Елібайұлы 2006 жылғы +90 салмақ дәресінде 3-орын, Армен Нұрдос Аманжолулы 2007 жылғы 54 кг салмақ дәрежесінде 3-орын, Нуридин Бекнұр Димухамедұлы 2006 жылғы 82 кг салмақ дәрежесінде 3-орын, жаттықтырушысы -Айдаров Сулеймен Лесұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы