АУДАННЫҢ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРЫ ЖАЙДАРМАН ТӨРІНДЕ

452 көрілім

Кез келген қоғамның қозғаушы күші – өсіп келе жатқан жас буын. Жастары белсенді, озық ойлы елдің келешегі де кемел болмақ. Себебі, талантты жастар – Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының қалыптасуына өз үлестерін қоса біледі.

Осыған орай, ауданда талантты да дарынды жастардан құралған «Сезон» командасы 2021 жылы құрылып, 2022 жылы аудан әкімінің кубогы үшін болған жайдарман ойынында 1- орын иеленіп чемпион атанған. Қазіргі таңда, команда біраз дәрежелі жетістіктерге жетіп, аудан обыройын асқақтатуда. Айта кетсек, аталған команда 2023 жылдың қаңтар айында Астана қаласында өткен республикалық «Жайдарман -маусымашар» фестиваліне аудан атынан қатысып, Республикалық «Номад» ойына жолдама алған болатын. Қазіргі таңда, Республикалық «Номад» ойындарына әр қалада, әр кезең бойынша қатысып, өнер көрсетуде. Сонымен қатар, өзге де «Әзіл Fest» ойындарына қатысып , ауданымыздың атын асқақтатып жүр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы