2023 жылдың шілде айының 13-16 күндері аралығында, Астана қаласында «Аспан» спорт кешенінде 2008-2010 ж.т. және кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресінен Қазақстан Респуликасының чемпионаты болып өтті.
Республика төрінде жоғары деңгейде өткізілген Республикалық чемпионатқа Ақмола облысы, Қостанай, Павладар, Қызылорда, Алматы, Жамбыл,Түркістан облыстарының 230-ға жуық жасөспірім спортшылары қатысып, боз кілемнің бойында күш сынасып, сынға түсті.

Ауданымыздың сұлу да, сымбатты ару қызы 40 кг салмақ дәрежесіндегі Успанкул Мерей Нұржанқызы қарсыластарынан басым түсіп, чемпионаттың жүлделі I орын жеңімпазы атанды.
Спортшымыздың жаттықтырушысы: Маханбетов Бауыржан Примкулович.