Бүгін Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде бөлім басшысы

Е. Сейдалиев, 2023 жылдың шілде айының 22-29 күндері аралығында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен, волейболдан 16 жастағы жасөспірім ұлдар арасындағы Азия Чемпионатының қатысушысы Мұхтар Нұрасыл Асқатұлымен кездесті.
Чемпионат бойынша қысқаша тоқталатын болсақ, ойын алаңына жиналған жалпы 12 мемлекеттің командаларының арасындағы ойындарда, Қазақстан Республикасының құрама командасы жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Жоғарыда айтылғандай бөлім басшысы
Е. Сейдалиев, бүгінде Қазақстан Респуликасы құрама командасының ойыншысы, волейболдан жасөспірім ұлдар арасындағы ауданымыздың үздік спортшысы Мұхтар Нұрасыл Асқатұлын және оның жаттықтырушысы Кияшев Мирлан Пердебайұлын арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Құрметті спортшылар, Еліміздің мәртебесін биіктетіп, көк туымыздың биікке көтерілуіне сәттілік тілейміз!