Бүгін жерлестеріміз, яғни, «Жетісай» футбол клубының ойыншылары өз алаңында Алматының «Іле Сәулет» клубын қабылдап, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Алғашқы минуттардан-ақ қос команданың бір-бірінің қақпасына қауіпті шабуылдар ұйымдастырумен басталған кездесу жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Әдемі ойын, өзара тартысты кездесу болды.
Дегенмен, алаң иелері ІІ таймның екінші жартысында қарсыластың қақпасына кездесудің жалғыз голын соғып, жоғары дайындықтарын көрсетті. Есеп 1:0.

Бүгінде футболдан ІІ лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы біріншілігінің ХІІІ турын жеңіспен тәмамдаған «Жетісай» футбол клубының ойыншылары келесі кездесуін 16 тамыз күні өз алаңында Алматының «AKAS» командасымен өткізетін болады.