ЖЕТІСАЙДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

7  620 көрілім

Жетісай ауданы әкімдігі мен Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балаларының мектеп бағдарламаларына қатыспауын болдырмау, сабақтарына толық қатысуларын қамтамасыз ету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» Республикалық акциясы өтуде. Акция барысында мектеп оқушыларына сабаққа қажетті оқу құралдары, кітап-дәптерлері мен қалам-сөмкелері, мектеп формалары арзан бағада сатылуда.

Мыңнан астам ата-аналардың қатысуымен өткен жәрмеңке облыс және аудан аумағындағы мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілері мен сатушылары, кеңсе тауарлары мен мектепке қажетті заттарды сатушы 50-ге тарта кәсіпкер аудан тұрғындары үшін өз өнімдерін, тауарларын базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада ұсынуда.

«Ұйымдастырылып отырған акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасы балаларына мүмкіндігінше көмек көрсету. Жақсылық жасауға кәсіпкерлерді жұмылдыру» дейді Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов.

Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ауласында 14 тамыз күні бастау алған аталмыш акция 1 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы