ҚАУІПСІЗ  ГАЗ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

628 көрілім

Қазір таңда Түркістан қаласының  90 % көгілдір газбен қамтылған, алайда баллонға сығымдалған пропан, бутан газдарын қолданып отырған тұрғындарымызда бар, күнделікті тұрмыста ас әзірлеуге, үй жылытуға пайдаланады. Газды пайдалануда жіберген қателіктердің салдары адамдардың өмірі мен денсаулығына, үйіңізге үлкен апаттар әкеледі. Бір адамның ұқыпсыздығынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан көрші тұратын бірнеше отбасы қайғылы жағдайға тап болып, зардап шегеді. Қарапайым ғана ережелерді есте ұстамаған жандар орны толмас өкінішке ұрынып жатады.  

ҚР-ның 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес автогаз құю станцияларында сұйылтылған мұнай газын тұрмыстық газ баллондарға құюға қатаң тыйым салынады.

Алайда, тұтынушылар өздерінің тұрмыстық газ баллондарына автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын құйып қана қоймай, оған қоса құйылған газ қысымын нормалардан асыруды сұрайды. Газ баллонын салқыннан жылы жерге кіргізген кезде баллондағы газдың көлемі ұлғайып, қысымы еселенуіне әкеледі. Осының салдарынан газ баллонынының түтігінен газ шығуы, тұтынушылардың газ иісінен улануы, тіпті жарылыс болған авариялық жағдайлар жиі кездесуде.

Сондықтан да, оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында Түркістан қаласы мен елді мекендерінде сұйылтылған газ нарығында газ таратушы газ толтыру станциялары бойынша халыққа қызмет көрсететін арнайы мамандандырылған рұқсаты бар газ тарату мекемелері мен қызметтерін пайдаланған жөн.

Газ пайдаланушы қондырғылар жарамсыз болған кезде арнайы газбен жабдықтау ұйымының қызметкерін шақырту қажет.

Газ балонын пайдалану орындарында от жағуға, темекі шегуге, ақаулы электр жарық шамдарын және электр құралдарын қосуға болмайды.

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары тұрмыстық газ баллондарын және қондырғыларын пайдаланғанда қауіпсіздік талаптарды мүлтіксіз сақтауларыңызды ұмытпаңыздар. Төтенше жағдай орын алған кезде 101, 112  телефон нөмірлеріне хабарлауды ескертеміз!

Б.Музаппар,

Түркістан қаласы ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау капитаны.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы