Бала қауіпсіздігі басты назарда

218 көрілім

Үйде жалғыз қалған балалар еркіндікті сезініп, дербес іс-қимыл жасауы мүмкін. Өрт болған жағдайда олар қауіпті бөлмеден шыға алмайтын жайыттар да көптеп кездесуде. Қазіргі таңда күнделікті өмірде балалардың сіріңкемен ойнауы нәтижесінде  өрттер жиі пайда болып отыр. Сондықтан баларды қараусыз қалдыруға болмайды.

Балалардың отпен ойнауынан болатын өрттің алдын алу үшін:

– балаларға өрт қауіпсіздігі жайлы жиі айтыңыз;

– өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаудағы барлық жағдайларда үлгі болыңыз;

– сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;

– балаларға пештерді, газ плиталарын жағуды, электр тұрмыстық құралдарды өз бетімен қосуды тапсырмаңыз;

– балалардың от жақпауын қадағалаңыз;

– үйден шығарда балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз;

Балаға өрт кезінде дұрыс әрекет жасауды үйретіңіз.

Өрт немесе жану, түтіндеу белгісі, күйік иісі және т.б байқалғанда кез-келген жастағы бала дереу үй-жайдан кетуі тиіс.

Өрт жайында ересектерге немесе «101» өрт сөндіру қызметіне және «112» біріңғай құтқару қызметіне хабарлау керек

Балаларыңыздың осы кеңестерді есте сақтауы өте маңызды. Өзіңіз үлгі болып, балаларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйретіңіз.

 М.Хайдар,

Түркістан қаласы ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау капитаны.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы