Электр құралдарын пайдалана білейік

210 көрілім

Тұрғын үйлерде өрт оқиғасы көбінесе электр жүйелерінің дұрыс жүргізілмеуінен, электр приборларының ақаулығынан, газ плиталарының ақаулығынан және дұрыс пайдаланбаудан, жылу пештерін уақытында күрделі жөндеуден өткізбеуден және есік алдында, қора – қопсымызда оттың шөптің қасына от жағып қадағалаусыз қалдыру салдарынан шығады.

Электр жүйелерінде өрттің болу себептері:

Электр жүйелерінің шамадан тыс артық жүктелуі;

Электр жүйелерінің қысқаша тұйықталуы;

Электр сымдарын орауға, тез майыстыруға, түйін етіп байлауға, шегемен қағуға болмайды;

Электр құралдарының астына отқа жанбайтын орындығын қою керек;

Бүлінген электр сымдарын пайдалануға болмайды, электр жүйесіне бір штепсельді айырғыш арқылы ток алатынды қосуға болмайды;

Электр шамдарын қағазбен немесе маталармен орауға болмайды, өйткені бұдан өрт шығуы мүмкін;

Бөлмелерді жөндеу кезінде электрсымдарын қағазбен желімдеуге, бояуға рұқсат етілмейді;

Электр қуатын пайдалануда электр сымының ақаусыз күйде болуын үнемі бақылау қажет, бір розеткаға бір мезгілде бірнеше электр аспаптарын қосу арқылы электр жүйесінің артықжүктелуіне жол беруге болмайды;

Зауытта жасалған қорғағыш жанып кеткенде оның орнына қолдан жасалған қондырғышты пайдалану қауіпті, өйткені артық жүктелу немесе электр сымының қысқа түйісуі кезінде қабығы (изоляция) жанып өрт шығады;

Электр жүйесіне қосып бақылаусыз қалдырылған аспаптардан қандай болса да өрттің шығуына єкеп соғуы мүмкін. Сондықтан үйден шығарда, түнгі уақытта электр аспаптарын сөндіріп, электр жүйесінен ажырату керек;

Қолдан жасалған электр қыздырғыш приборларын пайдалануға тиым салынады;

Электр сымына, роликке, сөндіргішке және штепсель розеткасына киім – кешек ілуге болмайды;

Электр есептегіштің саќтандырғышына қолдан сым орап «Жучок» салуға болмайды; Егер электртехника ережесін білмесеңіздер, өздеріңіз электр сымы мен аспабын жөндемеңіздер, сондай-ақ қосымша розетка орнатпаңыздар.

 Міне жоғарыда айтылған қателікке бой алдырмаңыздар. Өрт- тілсіз жау!

Б.Музаппар,

Түркістан қаласы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы