ТҮЛКІБАСТА БИЫЛ ІШКІ ЖОЛДАРДЫҢ ҚАНАҒАТТЫ ЖАҒДАЙЫ 84,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТКЕН

406 көрілім

Биыл Түлкібас ауданында жол жөндеу жұмыстары нәтижесінде ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 84,3 пайызға жетпек. Өткен жылы бұл көрсеткіш 81 пайызды құраған болатын.

Осы жылы аудан аумағындағы 12 елдімекеннің 61 ішкі көшесі жөндеуден өткен. Атап айтқанда, Майтөбе және Азаттық елдімекендерінің 32 шақырымды құрайтын 48 көшесіне «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы шеңберінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда аудандық бюджет есебінен 10 елді мекеннің 13 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар: Жаңаталап ауылы, С.Мұқанов көшесі, Қожамберді ауылы, Бастау және Битөре көшелері, Ынтымақ ауылы Желтоқсан көшесі, Т.Рысқұлов ауылы, Б.Момышұлы, Жүсіпбеков көшелері, Көкбұлақ ауылы, К.Көлбаев көшесі, Шақпақ баба ауылы, Асанбеков көшесі, Еңбекші ауылы, Анарбай көшесі, Рысқұл ауылы, Болашақ көшесі, Қоғалы ауылы, Сейфулин, Майлин көшелері.

Сондай ақ, бүгінгі таңда облыстық маңызы бар КХ-65 «Тастұмсық-Майтөбе-Түлкібас» автомобиль жолының 9,6 шақырымы орташа жөндеуден өтіп жатыр. Нысан биыл қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы