ТҮРКІСТАНДЫҚ 21 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР БІР КҮНІН АБАҚТЫДА ӨТКІЗГЕН

319 көрілім

Түркістан облысының лауазымды қызметкерлері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №69 түзету мекемесіне барды. Шенеуніктер сотталушылардың темір тордың ар жағындағылардың ахуалымен танысты. Қамаудағы жағдайды өз көздерімен көрді.

Ерекше шара шенеуніктер арасындағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің алдын-алу үшін ұйымдастырылды. Мақсат – мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазаның қалай өтелетінін тікелей таныстыру арқылы жемқорлықтың алдын алу. Пара алғанның барар жері абақты екенін ұғындыру.

Қатаң режимдік бақылау изоляторына мемлекеттік мекеме басшылары мен олардың орынбасарлары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, жалпы 21 адам арнайы автобуспен жеткізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары салдары бойынша мемлекетік қызметшілердің санасына әсер ету көзделген бұл сапар барысында түзету мекемесінің басшылық құрамы мемлекеттік қызметшілерге түрмедегі жағдайды көрсетті. Мемлекеттік қызметкерлер сотталушылардың жататын жері, тергеу изоляторы, жеке камера, асхана мен аулаларын аралап көрді.

«Мұндай шаралар сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге әсер етеді», дейді мамандар. Шара тұрақты түрде жүзеге асырылып тұрады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы