- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық, аудандық, қалалық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау Комиссиялары төрағалары, мүшелері мен облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы, мүшелерінің қатысуымен семинар өтті. Еркін форматта өткен жиынның басты мақсаты партиялық бақылау комиссияларының атқаратын жұмыстары мен міндеттерін нақтылау, тәжірибе алмасу мен қатар әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, оқырман көңілінен шығу мәселелері талқыланды. Семинарды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Үмбетәлиев Алтынсары Дүйсенбекұлы жүргізді.

Айтулы жиынға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алмас Салимов, облыстық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы Уалихан Рахиев және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес мүшелері және де БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар барысында қаралған мәселелердің бірі, партиялық бақылау комиссияларының атқаратын жұмыстары мен міндеттерін нақтылап алу, тәжірибе алмасу еді. Сондай-ақ, еркін форматта өткен басқосуда «AMANAT» партиясы ТОФ баспасөз хатшысы Құрмет Мэлсбекқызы аудандық, қалалық Комиссиялармен атқарылатын жұмыстарды БАҚ беттерінде қалай жариялау, жалпы әлеуметтік желілердегі контент, оқырман назарын аудару жайлы бірқатар мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар, Созақ, Бәйдібек аудандарының партиялық бақылау комиссиялары тарапынан ауданда атқарылған жұмыстар жайлы баяндамалар тыңдалды. Осы тұста Созақ ауданының комиссия төрағасы Берік Мыңжанұлы әлеуметтік желілердегі оқырман тарапынан айтылған ұсыныстарға кері байланыс жасап, жол жөндеу барысында анықталған қателіктермен қайта жұмыс жасалып жатқандығын жеткізді.
Семинар соңында партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алмас Алтайұлы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесің төрағасы Уалихан Рысбекұлы сөз сөйледі. Өз кезегінде партия төрағасы барлық бақылау комиссиялары төрағаларына тұрақты түрде отырыстарда Жол Картасына енген өзекті нысандар бойынша атқарылған жұмыстарды жіті бақылауда ұстауды, Комиссия төрағаларының БАҚ-да сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізулерін күшейту, тиісті мекемелермен бірлесіп семинар кеңестер мен дөңгөлек үстелдер өткізуді және бақылау комиссияларының кемінде бір рет міндетті түрде жиналыс өткізіп отыру сынды бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Нұрсұлу БӨКЕНБАЙ.