ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

1  668 көрілім

Түркістан қалалық әкімдігі ғимаратында шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков пен облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев Түркістан қаласының прокурорын таныстырды. Лауазымды қызметке Каукен Нәрікбаев тағайындалды.

Ол еңбек жолын 2005 жылдың қаңтар айында Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Жұмыс барысында басқарма бастығының орынбасары, Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының орынбасары, Отырар және Ордабасы аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған.

Кездесу қорытындысында облыс прокуроры Каукен Бахтыбайұлына жаңа қызметте сәттілік тілеп, мүдделі органдармен бірлесе отырып, туындаған мәселелерді шешу туралы тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы