ЕЛІМІЗДЕ АҚЫЛЫ ОҚУҒА ТҮСЕТІНДЕР ТАМЫЗДАҒЫ ҰБТ-ҒА ҚАТЫСА АЛАДЫ

254 көрілім

Тамыз айындағы ҰБТ-ға тіркелу testcenter.kz сайтында 20-30 шілде аралығында жүргізіледі.

Тестілеудің өзі 10 тамызда басталады.

Бұл ҰБТ-ға кімдер қатыса алады:

– 2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;

– мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;

– шетелде 11(12) сынып білім алушылары;

– қандастар;

– шартты түрде оқып жатқан студенттер;

– басқа БББТ-ға ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері;

– ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім саласына ауысуға ниетті студенттер.

Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы