ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ҮЗДІК РАКЕТКАШЫЛАР БАҚ СЫНАУДА

694 көрілім

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм университетінің спорт сауықтыру кешенінде үстел теннисінен «Amanat cup» облыстық ашық турнирі бастау алды. Түркістан облысының 5 жылдығына орай өтіп жатқан байрақты бәсекеде өңірдегі аудандармен қатар, Қырғызстан елінің және көршілес облыстардың ракеткашылары бақ сынауда. 6 жас ерекшелігіне жіктелген сайыс 2005-2009 жылдары, 2010-2012 жылдары мен 2013 жыл және одан төменгі туылғандар жас ерекшеліктері бойынша қыздар және ұлдар мықтылық байқасуды.

Сонымен қатар, ересектер арасында да 18-40 жас, 41-59 жас пен 60 жастан жоғарғы жастағы әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында өрбімек. Жеңімпаздарға арнайы «Amanat» партиясы әзірлеген кубоктар, медальдар мен сыйақылар табысталмақ. 2 күнге созылатын дүбірлі дода арқылы облыс абыройын республикалық турнирлерде қорғайтын үздіктерді анықтау көзделіп отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы