2023 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 19 млн 879 мың адам болды.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жалпы халықтың 61,9 пайызы немесе 1 2 297 100 адам – қалада, ал 38,14 пайызы немесе 7 581900 адам – ауылда тұрады.
2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға келгендер саны 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 91,8 пайызға артып, кеткендер саны 45 пайызға азайды.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде.
ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі – 89,5 және тиісінше 72,1 пайызды құрады.