ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ СПОРТ КЕШЕНІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛМЕК

707 көрілім

Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округінің орталығында спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков аталған спорт кешенінде болып, атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады.

Спорт кешенінің аумағы – 0,60 га. Жобаға сәйкес нысанда бір ауысымда 20 оқушы спорттың бірнеше түрінен шынығып, шыңдалатын болады. Жаттықтырушы залы, киім ауыстыру мен жуынатын және медпункт, құрал-жабдықтар сақтайтын бөлмелері қарастырылған.

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы нысанды аралау барысында жауапты бөлімге бірінші кезекте сапасын қадағалауды, құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекемеге жұмысты қарқынды жүргізіп, аяқтауды тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы