ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА АУЫЛДЫҚ КЛУБ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

360 көрілім

Түлкібас ауданындағы Келтемашат ауылында көп жылдан бері жергілікті тұрғындардың көкейінде жүрген ауылдық клуб мәселесі өз шешімін тауып, мәдени нысан ел игілігіне берілді. Жаңа нысанда кітапхана мен 100 адамға шақталған зал қарастырылған.

Мерекелік жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков, аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев және ауыл тұрғындары қатысты. Жиында Ұласбек Сәдібекұлы мен ауыл мешітінің бас имамы жаңа ғимараттың лентасын қиып, игі тілектерін білдірді.

Шарада мерекелік көңіл күй сыйлау үшін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары «Арша» тобы мен Гүлназ Қалтаева өз өнерлерін көрсетіп, әсем әндерін халыққа тарту етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы