Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді. Президенттің бұл тапсырмасы аясында Созақ ауданында 9-10 маусым күндері аралығында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан орталығындағы «Достар» спорт кешенінде аудандағы медицина саласындағы қызметкерлер арасында спартакиада өтті.

«Қазір салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту айрықша маңызды. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Мен бұл мәселе жөнінде Жолдауымда айттым. Мемлекет спорт инфрақұрылымын жетілдіруге көп көңіл бөледі. Елімізде 43 мыңнан астам спорт ғимараты бар. Олардың жартысынан көбі ауылдық жерде орналасқан. Бірақ, қарапайым және қолжетімді нысандар әлі де аз. Спорт ғимараттарының басым бөлігі мемлекет меншігінде. Оларды күтіп ұстауға бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді», — деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, спорттық шараның ашылуына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, ақ қалатты жандарды меркелерімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
— Медицина саласының мамандары дәрігерлік антқа адалдық танытып, асқан шеберлікпен адам өміріне араша түсіп жүрген бүгінгі күннің батырлары. Адамзаттың амандығына, елдің салауатты өмір салтын ұстануына, әрбіріміздің саулығымызға жауапкершілікпен қарауға сеп болып жүрген ақ қалатты жандар қандай мəртебеге болсын әбден лайық. Алдағы уақытта да аудан халқының амандығы мен халық денсаулығын жақсарту бағытында жемісті еңбек ететіндеріңізге сенемін,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Спорттық шарада саналы ғұмырын аудан медицинасының дамуына арнаған ақ қалатты абзал жандар салауатты өмір салтын ұстануға насихат жүргізіп ғана қоймай, іс жүзінде өздері қатысып, спорттың арқан тарту, қашықтыққа жүгіру, футбол, волейбол сынды көптеген түрлерінен сайысқа түсуде.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлеп, бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға тоқталып, бірқатар маңызды тапсырмалар берген болатын.
«Қазір саламатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту айрықша маңызды. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Мен бұл мәселе жөнінде Жолдауымда айттым. Мемлекет спорт инфрақұрылымын жетілдіруге көп көңіл бөледі. Елімізде 43 мыңнан астам спорт ғимараты бар. Олардың жартысынан көбі ауылдық жерде орналасқан. Бірақ қарапайым және қолжетімді нысандар әлі де аз. Спорт ғимараттарының басым бөлігі мемлекет меншігінде. Оларды күтіп ұстауға бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді.
Спорт саласын өркендетуге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, меценаттардың және жарнама берушілердің әлеуетін пайдалану қажет. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тәсілін кеңінен қолдану керек. Бұқаралық спортты дамытуға тұрғындардың ынта білдіріп, белсенді атсалысуы маңызды. Мемлекет бұған барлық жағдайды жасауға тиіс.Бұқаралық спортты дамытуға өз қаражатын салатын кәсіпкерлер мен басқа да азаматтар салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі, олар алдағы уақытта ең жоғары мемлекеттік наградаларға ие болады.
Жалпы, бұл саладағы жұмыста көзбояушылық пен әміршілдік-әкімшілдік тәсілден бас тарту қажет. Үкімет пен әкімдіктер тиісті бағдарлама әзірлеп, шешім қабылдаған кезде осының бәрін ескеруге тиіс», — деді Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымында сөйлеген сөзінде.
