“TÙRKISTAN MEDIA TALKS: БАҚ ЖӘНЕ ТРАНСФОРМАЦИЯ” АТТЫ СЕМИНАР-ТИМБИЛДИНГ ӨТТІ

1  299 көрілім

Сенбі таңы өңір белсенділерінің Төле би ауданындағы демалыс кешеніндегі “Turkistan media talks: БАҚ және трансформация” тақырыбында
семинар-тимбилдингпен басталды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйытқы болуымен жүзеге асқан шараға облыстың аудан-қалаларының ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығының директорлары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Табиғат аясында өткен тимбилдинг өңір журналистерінің біліктілігін көтеріп, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің халықпен және БАҚ өкілдерімен кері байланысын нығайтуды мақсат еткен.


Еркін форматтағы кездесуге кәсіби мамандар, танымал спикерлер, атап айтсақ,
Гарвард университетінің түлегі, «Мазмұндама» қорының төрағасы Шыңғыс Мұқан, Atameken TV интернет-маркетинг бөлімінің басшысы Жанасыл Болатбек,
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Тулегенова Жанар Ермекқызы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Қоғамдық Сенім Кеңесінің мүшесі, “Qazaqstan Team” Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тележурналист Асхат Садырбай дәріс оқып, қызу пікір-талас ұйымдастырды.


Қатысушыларға мол мағлұмат берген тимбилдингте “Коммуникациялық менеджмент: SMM және мемлекеттік органдар”, “Резонансты жағдайдағы “алтын сағат” ережесі”, “Адамдардың жадында жатталып қалардай жаңалық жасау”, “SMM және қызықты контент қалыптастыру”, “Еріктілер жылында жастардың рөлі”, “Жергілікті жерлерде мемлекеттік гранттық қаржыландыруды енгізу” тақырыптары қозғалды.


Жиын соңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Жүнісов қатысып, өздеріне қандай да бір мағлұмат алған барша жандарға алғысын білдіріп, Түркістан аймағының жастары жаңашыл, білікті, бәсекеге сай болуы керектігін және сол мақсатта атқарылар істердің артатындығын жеткізді.
“Түркістан-ақпарат”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы