Ұлттық домбыра күні мерекесінде аудан әкімі Азизхан Исмаилов аудандық перзентханаға арнайы барып, жас аналармен кездесті.

Сапар барысында әр сәбиге салтанатты түрде домбыра сыйлап, гүл шоқтарын табыстады. Әкім өз сөзінде ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртатын айтулы мерекенің әрбір қазақ баласына берері мол екенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар жаңадан дүние есігін ашып жатқан сәбилердің бабаларымыздай батыр, күйші, шешен болып шығуына тілектестік білдірді.
