ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНЫҢ ӨНЕРІ АСТАНА КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

350 көрілім

Жуықта Астана қаласында Түркістан музыкалық драма театрының гастрольдік сапары өз мәресіне жетті.

«Жастар» театрында сахналанған «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Елорданың 25 жылдығына және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік сапарда Түркістан музыкалық драма театры 4 бірдей үздік қойылымымен көпшілікті тәнті етті.

Атап айтсақ, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театрында» 2 шілде күні «Фариза» қойылымын, 3 шілде күні Т. Ахметжанның «Махаббат мұнарасы» және 4 шілде күні Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында жас драматург А. Нүсіптің «Мағжан» тарихи драмасын елордалық көрерменге ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы