ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

105 көрілім

Шардара ауданында жағажай волейболынан қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Соңғы кездері өңірімізде жастар жағы жағажай волейболына деген қызығушылықтары артып барады. Облыста қаншама талантты волейболшылар бар. Жас волейболшы қыздар арасында аса тартысты өткен облыс чемпионатында 2010-2011 жылы туылған спортшылар арасында командалық есепте

«Шардара-1» командасы бас жүлдеге ие болды. Ал, күміс жүлдені Ордабасы ауданынан келген талантты волейболшы қыздар жеңіп алса, қола жүлде «Шардара-2» құрамасына бұйырды.

Шаршы алаңдағы бәсекеде сынға түскен волейбол жарысында 2012 жылдан төмен туылған қыздар арасында «Шардара-1» командасы топ жарып, бұл сында да шардаралық арулар жеңісті қолдан бермеді. Жүлделі 2-орынды Атакент кентінің волейбол құрамасы иеленді. Ал, 3-орын «Шардара-2» командасына тиесілі болды.

Тәуелсіз еліміздің жастары қазір түрлі спортпен кәсіби тұрғыда шұғылданып, спортта зор жетістіктерге жетіп келеді. Жағажай волейболы кенже дамыған спорт түрі болғанымен қазір Түркістан облысында бұл спорт әлемдік талаптарға сай дамытылып, жаңарып, ыңғайлы климаты да жағажай волейбол спортын өркендетуге мол мүмкіндіктер беруде. Бұл сайыста өз өнерімен танылған 2010 жылдан төмен туылған жасөспірімдер арасында жас волейболшы Ұлжан Тазабек пен Мөлдір Қамытбек алтын медаль жеңіп алса, күміс жүлде Інжу Сайлау мен Аружан Тұрсынға бұйырды. Бұдан басқа жарыста бар күш-жігерлерін көрсеткен Гүлбала Утеген мен Жанерке Тұрысбек қола алқаға ие болды. Шапшаңдық пен қырағылықты талап ететін бұл жарыста 2012 жылғылардан төмен туылған спортшы қыздар арасында тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлерін қуантқан шардаралықтар Үміт Тазабек пен Жәудір Қантбек жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, Атакенттен келген Мерей Жандарбекова мен Елизаветта Нам күміспен күптелді. Қола жүлдегер атанған «Шардара-1» командасының бұрымдылары Әсем Сулфатбай мен Аружан Ибадулла жарады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы