Қазақстан спортының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт саласы жыл сайын әлемдік деңгейде көркейіп келеді. Бұл ретте, облыс әкімі Дархан Сатыбалды әрдайым спорт саласына қолдау көрсетіп, өңірімізде халықаралық талаптарға сай бой түзеп келе жатқан спорт нысандарының көптеп салынуларына барлық жағдай жасауда. Заман талабына сай спорт кешендері бар елде жеңімпаз саңлақтар да көптеп шығатыны белгілі. Келер жыл – Париж олимпиадасы жылы. Бұдан өзге биыл күзде Қытайдың Ханчжоу каласында кезекті жазғы Азия ойындары өтеді. Бұл құрлықтық жарыста олимпиаданың лицензиялары сарапқа салынады деп күтілуде. Париж олимпиадасы қарсаңында елімізде түрлі әлемдік талаптарға сай жарыстар ұйымдастырылуда. Түркістан облысында спорты іргелі, көптеген жеңімпаз саңлақтары бар Шардара ауданы бүгінде өңірімізде топ жарып келе жатқаны – спорт сүйер қауымды қуантады .
Биыл облысымыздың құрылғанына – 5 жыл толуына орай, жағажай волейболынан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер мен 2011-2012 жылы туылған ұлдар арасында Түркістан облысы чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Республикамызда көш бастаған өңіріміз қазір түрлі сайыстарды ұйымдастырып келеді. Жас спортшылардың арасында тартысты өткен бұл жарыста болашақтары жарқын 2009-2010 жылы туылған ұлдар арасындағы жағажай волейболынан бас жүлде №2 ОРМБЖСМ-нің командасына бұйырды. Ал, күміс жүлде Жетісай қаласының талантты волейболшылары атанса, қола жүлдегер №2 ОРМБЖСМ командасы атанды.
Сонымен қатар, түрлі әлемдік додаларда талай жанкүйерлерді таң қалдырған жағажай волейболынан өткен облыс чемпионатында 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында чемпионатында алтын алқа Шардара ауданының командасы жеңіп алып, жанкүйерлерін қуантты. Бұдан басқа күміс пен қола жүлдені Түлкібас ауданынан келген жас волейболшылар иеленіп кетті.