Әлеуметтік желіде жетісайлық шаруалардың жанайқайы тараған болатын. Онда қауын еккен диқандар жаз бойғы еңбегінің далаға кетіп жатқанын айтады. Сондай-ақ, қауындарын сата алмай, малға беруге мәжбүр болып отырғандығын жеткізді.
Жетісай ауданының әкімдігінің хабарлауынша, бұдан былай өңір шаруалары ауыл шаруашылығы өнімдерін Алматы қаласында делдалсыз саудаға шығару мүмкіндік жасалып отыр.
«Алматы облысы Сауда департаменті басшыларымен және «Алтын орда» базары басшыларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін өз өнімдерін делдалсыз қала тұрғындарына сатуға арналған арнайы тегін орын белгіленді. Белгіленген орында шаруалар бақша, көкөніс өнімдерін сата алады. Ол үшін бақша, көкөніс дақылдарын өсіруші шаруалар жергілікті ауылдық округ әкімшілігінен анықтама алып, өздерімен бірге алып барулары қажет» – аудан әкімдігі таратқан делінген ақпаратта.