ГЕПАТИТТІҢ АЛДЫН АЛУ

540 көрілім

Вирустық гепатит жалпы клиникалық белгілері бойынша  жіті және созылмалы болып бөлінеді. Созылмалы вирусты гепатит дегеніміз 6 айдан және одан да көп уақытқа  созылатын   бауырдың қабынуы.  Жіті вирусты гепатитті уақытында емдемесе, созылмалы гепатитке айналады. Жалпы гепатиттің  А, В, С, Д, Е деген 5 түрі болады.  Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. А және Е вирусты гепатиті ішек инфекцияларынан  Е гепатиті қауіпті саналса, парентеральды В, С, Д гепатиттері ауыр асқынуларға жалғасу қауіптілігімен ерекшеленеді.

Гепатиттің  А және E типтері эпидемиялық таралуға, ал  В, С, D вирустық гепатит аурудың өршуіне әкелетін әлеуетіне байланысты үлкен проблема болып табылады. А және Е түрлері  ластанған суды немесе тағамдарды қолданудан, тұрмыстық жағдай қатынастарында  пайда болады. В, С және D гепатиті ағзаны жұқтырғыш сұйықтықтарымен парентеральды байланыс нәтижесінде дамиды. В, С гепатиттік вирустардың кең таралған жұқтыру жолдарына вирусы бар  қанды құю, ластанған жабдықты қолданып инвазивті медициналық процедуралар және В гепатитіне қатысты босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, сондай-ақ жыныстық қатынас  арқылы  жұғулар жатады. Сондай-ақ вирус тасымалдаушымен тығыз байланыста болу негізгі жұқтыру жолдарының бірі болып табылады.

А  вирустық гепатитті жұқтырудың жасырын (инкубациялық) кезеңі              7-50 күн, орташа 35 күн болса,  парентеральды гепатиттердің  инкубациялық кезеңі 6 айға дейін созылады.

Аурудың алдын алу үшін;  Гепатитке қарсы вакцина салдыру!  

Иммундау шараларының арқасында  жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалауға  мүмкіндік бар. Қазіргі таңда  A және B гепатитіне қарсы вакциналар бар.  В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге шығарылмаған.    

Б.Елемесов

Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы