ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ІШІМДІК ПЕН ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТТЫ

384 көрілім

Түркістан облысында тағы бір ауыл шылым мен ішімдіктен бас тартты, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы. Салауатты өмір салтын ұстанатын Төлеби ауданындағы Қоғалы ауылында денсаулыққа зиянды өнім мүлде сатылмайды. Бұл ауыл ақсақалдарының бастамасы екен.

Аталған ауылда соңғы уақытта қылмыс дерегі тіркелмеген. Ажырасатындар да аз. Былтыр аймақтық байқауда бұл ауыл «Үлгілі елді мекен» атанды.

Түркістан облысы бойынша кейінгі алты жылда темекі мен алкоголь тұтынбайтын ауыл саны 12-ге жеткен. Келген қонақтардың өзі, ауылдың жазылмаған заңына бағынады. Өйткені жергілікті дүкендерде, спирттік ішімдіктер мен табак өнімдеріне сұраныс жоқ.

– Табиғат аясында тұрғаннан кейін өзіміздің денсаулығымызды зиянды нәрсемен бүлдіргіміз келмейді. Үлкендердің шешімі бойынша керек заттар, азық-түліктер сатамыз. Алкогольді ішімдіктер және темекі сатпаймыз. Барлығы күнделікті күнкөріске қажетті заттар, яғни нан, су соларды сатамыз, – дейді Қоғалы ауылдық округінің тұрғыны Нұржамал Нұртөре.

Еске сала кетсек, өткен маусым айында Түркістан облысы бойынша «Ішімдіксіз ауыл, бірде-бір қылмыс тіркелмеген үлгілі ауыл» деген атпен Ордабасы ауданына қарасты Шұбар, Қараспан ауыл округінің әкімдері Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың қолынан марапат алған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы