Бүгін, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанты Түймебаев Айни Тілеубергенұлы тұрғындарға заңгерлік көмектер көрсетіп қабылдау жүргізді.

Қабылдауда Сауран ауданы, Ескі иқан аулының тұрғыны азамат Э.Курбанходжаев Алматы облысында өзіне белгісіз меншік, яғни жер телімі тұрғын үйімен рәсімделгенін айтып, мелекеттік актісі, қабылдау актісіде бар екенін, бұл мәліметті халыққа қызмет көрсету орталығы берген анықтамасында бірақ білгенін жеткізіп, осы меншікті өзінің атынан қалай алып тастауға болатыны және қалай өзінің атына рәсімделіп кеткендігі жөнінде заң көмегіне жүгінді.

Мәселесі бойынша Алматы облысына қарасты жергілікті атқарушы органдарына өтініш жазылу керектігі түсіндірілді. Егерде Заң көмегі керек болған жағдайда Түркістан қаласы Таукехан көшесі №301 ғимартқа келіп осы мәселенің түпкілікті шешімін табу үшін өтініш иесіне заң көмегі берілетіндігі жеткізілді.