Улы кененің зардабынан сақ болыңыз!

916 көрілім

Түркістан өңірі аса қауіпті жұқпалы аурулар, оның ішінде Конго Қырым геморрагиялық қызбасына  қолайсыз аймақ болып табылады.  Яғни, облыс аумағында КҚГҚ-ның қоздырғышы бар кенелер көп дегенді білдіреді. Көктем мезгілінің келуімен  тұрғындарға келетін қауіп те жоғары. Күннің жылынуына байланысты кенелер жер бетіне шығып,  шабуылдауды бастайды. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысатын орындар, қора-жайларда, адамдар көк шалғын табиғатқа шыққанда жиі орын алады.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл вирус  қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық көріністері: Аурудың алғашқы  белгілері дене қызуының кенеттен 380С және одан жоғары  көтерілуімен, қатты бас ауыруымен, көздің қызаруы, бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігін қан кернеуімен және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуі болады.  Ауру одан әрі асқына бастаған жағдайда денеде бөртпелер пайда болып, мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан қан кету және ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар)  белгілері байқалады.

Облыс тұрғындарының назарына!        

Аурудың алдын-алу үшін табиғи ошақ аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен буферлік аймақтарды, үй жайлар ауласы мен демалыс аймақтарын кенеге қарсы залалсыздандыру қажет.

Табиғи ошақтарда орналасқан тұрғындар малдарды күтіп қарағанда, жануарларды сою мен етін бөлшектеу кезінде қорғану үшін арнайы киім кию қажет. Иелігінде ауылшаруашылық малдары бар азаматтар қора-қопсыларды қи мен көңнен механикалық жолмен тазартып, науқан кезеңдерінде ауылшаруашылық малдарының залалсыздандыру жұмыстарымен қамтылуын қадағалау қажет.   

Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралыңыз!  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы